«Кел, шай ішейік»: Павлодарлық белсенділер қайырымдылық акциясын өткізді

«Кел, шай ішейік»: Павлодарлық белсенділер қайырымдылық акциясын өткізді
Фото: pexels.com

Оны жиырмаға жуық жас қолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясы қалалық филиалының мәліметінше,  «Жастар рухы» жастар бастамаларын дамыту орталығымен бірлесіп, облыс орталығын санитарлық тазалауға және қар тазалау жұмыстарына тартылған коммуналдық ұйымдар қызметкерлеріне ыстық шай беріп, тәттілер ұсынды.

–  Біз қатты суық мезгілде маңызды тапсырманы орындайтын жұмысшыларға қолдау көрсету мақсатында сусындар мен тамақ ұсынамыз. Олардың еңбегінің арқасында біздің қала күн сайын таза әрі ұқыпты болып келеді. Бұл бір реттік акция емес – әр апта бойы және қыс мезгілі аяқталғанша ыстық шайымызбен қуантуды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті белсенділер.

«Кел, шай ішейік» жобасы Қазақстанның барлық қалаларында жүзеге асырылуда.