Келесі жылы Екібастұзда абаттандыру жұмыстары жалғасын табады

Келесі жылы Екібастұзда абаттандыру жұмыстары жалғасын табады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Соңғы үш жылда қаланы абаттандыруға 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласының халқымен кездесу барысында алдағы жылға жоспарларды баяндап шықты. 

Жайлы өмір сүру үшін 12 мың көше шамдары орнатылды. 186 аулада балалар мен спорт алаңдары орнатылды. 194 аула асфальтталды, 46 шақырым тротуар төселді. 24 білім беру мекемесінің аумағы жаңартылды. 20 жаңа футбол алаңы мен 10 хоккей корты салынды.

– Қала үшін ірі жобалардың бірі – «Шахтер» саябағының инфрақұрылымын толық жаңарту, ол алдағы жазда барлық қала тұрғындары үшін тартымды орынға айналатынына сенімдімін, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Әлеуметтік сала бойынша да бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Мысалы, «Самғау» шығармашылық орталығы бой көтерді, Шідерті ауылындағы балабақша қайта жаңартылды, Атығайда жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. 

– Маңыздысы, барлық осы жобалар өңірдің ірі кәсіпорындарының қаражатына жасалуда. Келесі жылы №21, №35 мектептер мен Сарықамыс ауылындағы мектеп жаңартылатын болады. 31-ші шағын ауданында балаларға жаңа балабақша, Бәйет пен Әлкей Марғұлан ауылдарында медициналық пункттер ашылады, сондай-ақ, қалалық №2-ші және 3-ші емханалары жаңғыртылады, – деді ол.

Көше-жол желісінің жай-күйі - тұрғындарды алаңдататын мәселелердің бірі. Осы бағытта ауылдық елді мекендерге кіреберіс жолдарды жөндеу қолға алынды. Ақкөл, Құдайкөл, Төртқұдық, Бозшакөл, Бәйет және Зелёная Роща ауылдарының тұрғындары атқарылған жұмыстардың оң нәтижесін көруде.

МАЭС-Басқамыс және 2-ші МАЭС- Сарықамыс жолдары жөнделді. Осы аймақта тұратын халыққа жол қатынасы едәуір жеңілдеді. Келесі жылы Исабек Ишан кесенесіне апаратын жолдың құрылысы жалғасатын болады. Бұл көлік қатынасын жақсартып, мәдени және ішкі туризмнің дамуына серпін береді. 

Екібастұзда 26,7 км асфальт жабыны мен 20,5 км қиыршық тас жол жөнделді. 42-ден астам көшенің тұрғындары айтарлықтай өзгерістерді көрді. 2026 жылы қаланың негізгі магистральдарын жөндеуге назар аударылады. Атап айтқанда, Сәтбаев, Торайғыров, Әуезов, Қонаев, Энергетиктер, Бауыржан Момышұлы, Шешембеков, Беркімбаев көшелері, сондай-ақ Солтүстік шағын ауданның жеке секторындағы көшелер. Осы мақсатқа облыс бюджетінен 2 миллиард теңге бөлінді.