Кенжекөлде түнде тұрғын үй өртенді

Кенжекөлде түнде тұрғын үй өртенді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Хабарлама таңғы сағат 03.52-де түсті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Кенжекөл ауылында жеке тұрғын үй өртенген. 

Оқиға орнына жедел жеткен №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері шатырдың ағаш құрылымдары жанып жатқанын анықтады.

Құтқарушылардың келісілген іс-әрекеті нәтижесінде өрттің таралуына жол берілмеді.