Павлодарда джаз оркестрі аты аңызға айналған музыкаларды орындайды

Павлодарда джаз оркестрі аты аңызға айналған музыкаларды орындайды

7 сәуір күні джаз оркестрі жаңа концерттік бағдарламаны ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бүгін сағат 19:00-де филармонияның концерттік залында джаз оркестрінің кезекті концерті өтеді. Көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – ҚР Мәдениет саласының үздігі Виктор Шейкин.

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының джаз оркестрі өз көрермендеріне жаңа концерттік бағдарламасын ұсынады. 

– «Джаздың мәңгі жасыл әуендері» концертінде аты аңызға айналған джаз музыкасы композициялары «Больше, чем любовь», сондай-ақ Фрэнк Синатраның репертуарындағы «Quando, quando, quandо», Луи Армстронгтің «Весь я» және тағы да басқа шығармалар орындалатын болады, – деді филармонияда.

Кеш қонақтары – Оралхан Алтынбеков, «Қазақконцерт» әртісі (Астана қ.) және Дамира Мажитова – вокал, ҚазҰӨУ эстрадалық-джаз вокалы кафедрасының оқытушысы (Астана қ.).

Концерт Павлодар қаласы Н.Назарбаев даңғылы, 1 мекенжайындағы Иса Байзақов атындағы филармонияның концерттік залында өтеді.