Халықаралық әйелдер күні Павлодар облысында ауа райы қандай болмақ?
Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидромет РМК-ның мәліметінше, 8 наурызда облыстың батысында, солтүстігінде қар жауып, аздаған боран соғады. Түнде -7...-12°С, ал күндіз -2...-7°С болады.
9 наурызда да қар жауады. Сынап бағанасы түнде -10...-15°С-ты көрсетсе, күндіз -4...+1°С-қа дейін жоғарылайды.
10 наурызда жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде -2...-7°С, күндіз 0...-5°С болады.