Куәлігінен айырылған: Павлодарлық жүргізуші қайта ұсталды
Ол көлікті мас күйінде айдаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Патрульдік рота қызметкерлері облыс орталығы тұрғыны басқарған Kia Stinger автокөлігін тоқтатты.
– Медициналық куәландыру қорытындысы жүргізушінің мас күйінде көлік құралын жүргізгенін көрсетті. Сонымен қатар, жүргізуші екі жыл бұрын 2027 жылға дейін көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды, – деді облыстық полиция департаментінде.
Тәртіп сақшылары Шымкент көшесінде де есірткіге мас күйінде Mitsubishi автокөлігін басқарған жүргізушіні ұстаған. Жүргізуші 2031 жылға дейін жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, олардың тәртібі сотта қаралады.
Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік құралдарын жүргізуге байланысты бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше назар аударуда. Ағымдағы жылдың басынан бастап мас күйінде көлік басқарғаны үшін 1,5 мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылған.