Кәмелетке толмағандар жүрген: Павлодарда клуб иесі сотта жауап береді

Кәмелетке толмағандар жүрген: Павлодарда клуб иесі сотта жауап береді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның жанында ата-анасы болмаған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы аймақтағы ойын-сауық орындарының 70-тен астам иесі өз мекемелерінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болуына жол бергені үшін жазаланды. Балалар ата-аналарының еріп жүруінсіз жүрген. Сондай-ақ, балаларының түнгі серуені үшін 2391 ата-ана жазаланды. 

Полиция түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтерді үнемі жүргізеді, мекеме иелері мен ата-аналарына ескерту жасалады және жазаланады.  

Демалыс күні сағат 22.00-ден кейін ойын мекемелерінің бірінде кәмелетке толмаған баланың ата-анасының ілесіп жүруінсіз болу фактісі анықталды. Жасөспірімнің айтуынша, ол демалыс күнін осылай көңілді өткізуге шешкен. 

– Кәмелетке толмағанның түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін Рlaystation клубының жалға алушысына қатысты әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді. Сондай-ақ, мекемеде 13 жасар ұлының болғаны үшін анасы да жауапқа тартылды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінің аға инспекторы Юлия Сүндетова.

Сол күні сағат 02.55 шамасында Ломов көшесіндегі үйдің жанында 15-17 жас аралығындағы үш кәмелетке толмаған бала тоқтатылды. Олардың мұндай уақытта ұйықтамай қыдырып жүргенін ата-аналары білмеген. Әр ата-ана баласының түнде үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.