Павлодарда демалыс күндері он мың тоннаға жуық қар шығарылды

Павлодарда демалыс күндері он мың тоннаға жуық қар шығарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала көшелерінде 180-нен астам арнайы техника қар тазалауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, коммуналдық қызметтер қарды тазалау және шығару бойынша тәулік бойы жұмыс істеуде. 

– Жүк көліктері мен жүк тиегіштер қоғамдық көліктердің қозғалысын қамтамасыз ету үшін алдымен негізгі көшелерді тазалап, кейін қосалқы көшелерге ауысады. Сондай-ақ, 200-ге жуық жұмысшы жол жиектерін, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін, қоғамдық аумақтарды қардан тазалауға жұмылдырылған, – деді әкімдікте. 

Өткен демалыс күндері 10 мың тоннаға жуық, ал қыс маусымы басталғалы 55 мың тоннаға жуық қар шығарылды.