Көктемгі құстардың оралуы: Ертіс орманында жаңа түрлер анықталды

Көктемгі құстардың оралуы: Ертіс орманында жаңа түрлер анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ғалымдар бұрын бұл аймақта кездеспеген құстарды тіркеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметінше, көктемгі құстардың оралуын бақылау мақсатында жүргізілген дала зерттеулері барысында мамандар Ала қарға, Қара кезқұйрық, От үйрек секілді құстардың резерватқа қайтып оралғанын байқады.

– Ең қызығы, зерттеу барысында бұрын бұл аймақта тіркелмеген жаңа құс түрлері анықталды. Ғалымдар бұл құстарды зерттеуді жалғастыруда. Бұл жағдай резерваттың биологиялық әртүрлілігінің жоғары деңгейде екенін және оның құстар үшін маңызды мекен екенін дәлелдейді, – деді резерваттың баспасөз қызметі.

Орманшылардың айтуынша, қазіргі таңда резерват аумағында 50 құс түрі мекендейді, олардың төртеуі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.