Көлік үшін салық төлемеген павлодарлықтарға төлемді уақтылы жасауды еске салады

@Pavloarnews.kz тілшісі салық сомасын қалай төлеу керектігін айтады.
Облыс бойынша мемлекетік кірістер департаментінің мәліметінше, жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады.
2024 жылға арналған салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталында, Телеграммдағы чат-бот Салық ботта және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында калькулятордың көмегімен дербес есептеуге болады.
Бұл ретте салық органдары есеп айырысу балансын анықтау мақсатында жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.
Ағымдағы жылдың 11-наурызынан бастап есептелген салық сомалары туралы ақпарат екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH хабарламасы түрінде жіберілуде.