«Касперский зертханасы» мен Павлодар облысы меморандумға қол қойды
Келісім-шарт аясында ақпараттық қауіпсіздікті дамыту деңгейін арттыру көзделген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Халықаралық деңгейдегі «Касперский зертханасы» компания мен облыстық цифрлық технологиялар басқармасы арасында киберқауіпсіздік саласында стратегиялық маңызы бар меморандум жасалды.
Серіктестіктің мақсаты Павлодар облысының ақпараттық қауіпсіздігін дамыту деңгейін арттыру, сондай-ақ әртүрлі нысаналы топтар, соның ішінде бизнес өкілдері үшін білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру болып табылады.
– Бұл серіктестік ұйымдарымыздың қызметкерлеріне киберқауіпсіздік саласындағы құзыреттілікті арттыруға көмектеседі деген сенімдемін. Біз барлық мүдделі тараптарға пайда әкелетін және ортақ табыстарға әкелетін ынтымақтастыққа ұмтыламыз, – деп атап өтті Қазақстан, Орта Азия және Моңғолиядағы «Касперский зертханасының» басқарушы директоры Валерий Зубанов.
Меморандум шеңберінде тараптар компьютерлік шабуылдар туралы ақпаратпен, интернеттегі бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және оны алдын алу саласындағы тәжірибемен алмасатын болады. Сонымен қатар киберқауіпсіздік, деректерді қорғау бойынша бірлескен семинарлар, конференциялар өткізілетін болады.
Айта кетейік, «Касперский зертханасы» 1997 жылдан бері халықаралық деңгейде ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық құпиялылық саласында жұмыс істейтін компания. Бүкіл әлем бойынша «Касперский зертханасы» 400 миллион пайдаланушы және 220 мың корпоративтік клиентті қорғайды.