Көршілер чатына QR-кодпен қосылу: Павлодарда алаяқтар жаңа әдіске көшкен
Мұндай айлакерлік тәсіл Ресейден келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тұрғындарға What's App мессенджері арқылы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертіледі.
Көп пәтерлі үйдегілердің кіреберіс қабырғаларында QR-коды бар парақшалар, барлық тұрғындармен аудан мен ауланың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін Telegram арнасына өтуге шақырулар ілулі тұр.
Әзірге полицияға ешқандай арыз түспеген. Бірақ Павлодар облысының полиция департаменті тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.
– Алаяқтар азаматтарды алдап, олардың құпия деректерін ұрлау үшін QR-кодтарды қолданады. Осындай тәсіл «квишинг» деп аталады. Кез келген жалған веб-сайтқа сілтеме немесе зиянды бағдарлама сияқты ақпаратты QR-кодына біріктіруге болады. Кіреберістердегі QR-кодтар мен хабарландырулардан басқа, жалған түбіртектерді, тіпті электр самокаттарға жалған QR-код стикерлерді тарату фактілері де орын алды, – деп атап өтті департаментте.
Көрші елдің айлакерлері осындай тәсілмен адамдардың Telegram аккаунттарын ұрлайды.
Құқық қорғау органдары күдікті веб-сілтемелерді баспауға, сенімді антивирустық және жеке ақпаратты қорғау бағдарламалық құралын пайдалануға кеңес береді.