Көшпенділер ойындарына қатысатын балуандар шетелде дайындалды

Көшпенділер ойындарына қатысатын балуандар шетелде дайындалды
Фото: 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Ұлттық құрамалар көшпенділер ойындарына қызу дайындық үстінде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, балуандар оқу-жаттығу жиындарын екі мәрте Алматы қаласында, Грузия елінде және Қырғызстанда жүргізді.

– Кезекті ОЖЖ Ақмола облысындағы Щучье қаласында өтуде. Бұл жиын барысында балуандарымыздың арасында қорытынды белдесулер өткізіліп, әр салмақтың үздігі анықталады. Ал соңғы қорытынды ОЖЖ 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткізу жоспарланған, – делінген хабарламада.

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақ күресі бойынша жарыстар 8-10 қыркүйек күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Еске сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олардың арасында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.