Ақтоғай ауданында ҚР спорт шеберін еске алды

Қараоба ауылында бапкер Нұржан Қамзинді еске алуға арналған облыстық турнир өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақ күресінен ашық жарысқа 2011-2012 жылғы туған және одан кіші жасөспірімдер қатысты.
– Турнирге барлығы 14 командада жалпы 274 спортшы қатысты, – дейді аудандық спорт мектебінің бапкері әрі ұйымдастырушы Мейрам Қамзин.
Оның айтуынша, жарысқа жылда Қамзиндар отбасы қосымша жүлде қосып, спортшыларға қаржылай сыйлық сыйлайды.
Биылғы жылы жеңімпаздарға облыс тарапынан берілген марапаттан бөлек, Қамзиндар отбасы түйе балуанды жеңіп алған бірінші орынға арнайы Алматы қаласында тіктірген белбеу табыс еткен.
Екінші, үшінші орынды иеленген спортшылар ақшалай марапатталды.
Жарыс қортындысы бойынша 23 кг салмақта бірінші орынды Кемеңгер ауылының жас күресшісі Уайхан Елхан қанжығасына байлады. 26 кг салмақта бірінші орынды Ақсу қаласының тұмасы Иманғазы Мұхамедәли, ал 29 кг салмақта кемеңгерлік күресші Қайырбек Нұрислам жеңіп алды.