Көз тимесін: Павлодарлық блогерлер ZTB парақшасына жауап берді

Көз тимесін: Павлодарлық блогерлер ZTB парақшасына жауап берді
Фото: ZTB, pav.guide

Бұл бейнероликте Семей қаласындағы жолдардың шұңқырлары көрсетілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жұртшылықтың назарын аударған павлодарлықтардың видеосы pav.guide және 109.pavlodar парақшаларында орналастырылды.

Рav.guide  жобасының жетекшісі Айдар Қалымов атап өткендей, ол және оның командасы әр нәрсенің жақсы жағын көрсетуге тырысады. 

– Біз әрқашан Павлодарымызды тек жақсы жағынан көрсетуге тырысамыз, – дейді Айдар Қалымов. – Іnstagram арнасында жолдардағы шұңқырлар көрсетілген бейнені көрдік. Біздің блогер Аида бірден роликке түсуге келісті. Содан кейін біз 109 қызметіне қоңырау шалып, қаламыздағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары аяқталған мекен-жайларды сұрадық. Жедел әрекет ету орталығы бізге көптеген аула мен көшелерді ұсынды.

Айта кетейік, бір сағаттан аз уақыт ішінде бұл ролик 20 мыңға жуық қаралым жинады.

Осы видеоның пікіріне «Павлодар – ең үздік қала» , «Көз тимесін», «Біздің қаламыз сияқты қыз да әдемі» деп жазады павлодарлықтар.