МӘМС жүйесінде қандай өзгерістер енгізіледі?

Енді мемлекеттік тіркеудегі жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын жергілікті бюджет төлейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде базалық жарналар мен аударымдардың есептелуі үшін кіріс мөлшеріне қойылатын шек (ЕТЖ) жоғарылайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Жаңа жылдан бастап тұрмыстық дағдарыс (Д) және шұғыл әл-ауқат (Е) деңгейінде өмір сүріп жатқан шамамен 1 миллион адам тегін жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізетін болады. Бұл еліміздегі халықтың тағы 5%-ын құрайды.
Енді мемлекеттік тіркеудегі жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын жергілікті бюджет төлейді. Бұл шара жергілікті әкімдіктерге жұмыссыздықты төмендету міндеттерін ескере отырып енгізілуде.
Қазіргі кезде жоғары табысты азаматтар салыстырмалы түрде аз мөлшерде жарна төлейді, өйткені шекті табыс 10 АЕК-тен аспайды.
2026 жылдан бастап бұл шек 50 АЕК-ке дейін көтеріліп, әділетті түрде барлық азаматтардан 2%, жұмыс берушілерден 3% ұсталады. Бұл жоғары табыстылардың үлесін арттырады және әділеттілік қамтамасыз етеді.
2027 жылдан бастап сақтандыру моделі толығымен реттеліп, жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және азамат арасында тең бөлінеді.
Жүйе енді бұрын медициналық қызметтен тыс қалған әлеуметтік осал топтарға қолжетімділікті кеңейтіп, азаматтардың табыс деңгейіне қарай әділ үлесті қамтамасыз етеді.