Майқайың кентіндегі апатты аумақ тұрғындарының баспана мәселесі шешілді

Майқайың кентіндегі апатты аумақ тұрғындарының баспана мәселесі шешілді
Фото: Константин Шелков

Қаржылық қолдауға 56 отбасы ие болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі,

Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаевтың айтуынша, сараптама нәтижесінде баспананың бір шаршы метрі 89 мың теңге көлемінде бағаланды.

Айта кетейік, жыл басында облыс әкімдігі Шанхай тұрғындары басқа жерге көшіруге уәде берген. Тамыз айында аймақ басшысы Асайын Байханов пен «Алтыналмас» компаниясының өкілдері меморандумға қол қойды. Құжат аясында инвесторлар кенттің дамуына 4,6 миллиард теңге бөлуге уағдаласты. Қаражаттың бір бөлігі тұрғындардың баспана мәселесін шешуге жұмсау жоспарлаған.

Бірінші тармақта «Алтыналмас» 76 үйді сатып алатыны көрсетілген. Бүгінгі күнге дейін 56 үй сатып алынды. Үй жайлы болса, шаруашылық құрылыстары бар болса, үйдің бағасына қосымша сома қосылды. Қалған үйлер бойынша жұмыс жүргізілуде. Себебі, кейбір тұрғындардың құжаттары толық емес, әрқайсының жағдайы әртүрлі. Бұл адами фактор, дейді Ардақ Кісентаев.

Ардақ Ксентаевтың айтуынша, баспана үшін қаржы алған тұрғындардың 90%-ы кентте қалды. Ал апатты аумақтағы шамамен 40 тұрғын үй сүрілді.

Тараптар меморандум аясындағы міндеттемелерін орындады. Үш жылдық құжат аясында инвестициялар кенттің инфрақұрылымы мен тұрғын үй қорын нығайтуға бағытталады, дейді Ардақ Кісентаев.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың басында Майқайың кентіндегі Шанхай шағын ауданының тұрғындары алтын кенішінен 300-400 метр қашықтықта өмір сүруден қорқатындарын мәлімдеген. Себебі, пайдаланылмайтын шахталарда болған опырылу салдарынан төрт құтқарушы қаза тапты. Ауыл тұрғындары жер асты дүмпулерін де естіген.