Майқайыңда қаза тапқан құтқарушылардың отбасыларына көмек көрсетіледі
«Майқайың-алтын» АҚ аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Оқиға орнында облыс әкімі Асайын Байхановпен бірге ТЖ вице-министрі және басқа да қызметтер бар.
Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде, өйткені, құлау шекаралары тұрақсыз, әлі де пайда болған шұңқырда тастар мен топырақтың сырғуы жүруде.
Барлығы 116 адам, 23 техника жұмылдырылды. Бүгін таңғы сағат 06:00-де Астана қаласы ТЖД кинологтар бригадасы келіп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті.
- Қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасыларына «Майқайың-алтын» АҚ және КӘАҚҚ РОШ-нан әрбір отбасына 4,5 млн теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетілетін болады. Қаза болған екі құтқарушының отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат болсын, - деп жазды Асайын Байханов Instagram желісінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасады.
Видео asaiyn.baikhan