Майқайың кенішінде мамандар автобусқа жету жолын пысықтауда

Майқайың кенішінде мамандар автобусқа жету жолын пысықтауда
Фото: Куәгерлер ұсынды

Сканерлеу сағат 15.30-да аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғастыруда.

Бүгін таңертең «АК Алтыналмас» АҚ – Балқаш қаласының мамандары  мен ТЖД құтқарушылары кран орнатып, бос орындарды, металды немесе басқа да ауытқуларды анықтау үшін жергілікті жерді геосканерлеу жүргізді.

– Сканерлеу сағат 15.30-да аяқталды. Қазір нәтижелер өңделуде, шамамен автобустың орналасқан жері анықталды. Оның жоғарғы бөлігіне дейінгі тереңдік шамамен 5-7 метрді құрайды, – деп жазды облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.

Қазіргі уақытта мамандар автобусқа дейін жетуі тиіс шағын экскаваторды шұңқырға түсіру және құтқарушылардың әрі қарайғы іс-қимылдарын пысықтауда.

Жоғалған адамдарды іздестіру тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына барлығы 136 адам, 41  техника, 3 кинологиялық есеп және екі дрон жұмылдырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)