Павлодарлық студенттер NASA-ның ең үлкен халықаралық хакатонында жеңімпаз атанды

Павлодарлық студенттер NASA-ның ең үлкен халықаралық хакатонында жеңімпаз атанды

Екі тәулік бойы әзірленген цифрлық өнім өз нәтижесін берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері Қазақстанда өткен NASA Space Apps Challenge-2025 байқауында жеңіске жетті.

Елдің түкпір-түкпірінен келген 350 команданың ішінде NASA-ның ең үлкен халықаралық хакатонында GoodBalalar командасы 1-орынды жеңіп алды. Жарыстың республикалық кезеңінде 3-курс студенттері Жапар Жігер, Аристид Попандопуло, Әділ Төлеубаев, Әлижан Болат және Бараат Қахималаевтар мықты болып шықты.

Қатысушыларға хакатон тапсырмасын орындау үшін 48 сағат уақыт берілді, оның барысында олар жаңадан цифрлық өнімді әзірлеуі керек болды. Павлодарлықтар NASA TEMPO спутниктік деректері, талдау және болжау үшін жасанды интеллект, геокеңістіктік технологиялар, NASA GIBS және Leaflet кітапханасымен интеграция, ластаушы заттардың визуализациясы: NO₂, O₃, HCHO, аэрозольдерді пайдалана отырып, ауа сапасын мониторингілеу үшін инновациялық веб-сервис құрды және таныстырды.

Бұл саналы болашақ үшін экологиялық шешімдер мен технологияларды әзірлеуге қосылған қомақты үлес.

Сыйлық ретінде GoodBalalar командасы 3D принтерге, сондай-ақ әлемдік кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Ақпараттық технологиялар колледжі студенттерінің тағы бір командасы бүкіл әлем бойынша мыңдаған бәсекелестерден озып, NASA Space Apps Challenge байқауындағы жаһандық үміткерлер қатарына енді.