Майқайыңда құтқарушылардың қазасы үшін моральдік зиян өтемақысы төрт есе қысқарды
Қаулы заңды күшіне енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Талап қоюшылар еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған Т.-ның жақын туыстары, Екібастұз қалалық сотына кінәлі болып табылған «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-нен әрқайсысына моральдік зиянның өтемақысы ретінде 30 миллион теңгеден жалпы 120 миллион теңге соманы өндіруді сұрады.
Екібастұз қалалық сотының 5 қыркүйектегі шешімімен талап қою толығымен қанағаттандырылды.
Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 13 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, әрқайсысының пайдасына моральдық шығын көлемі 7,5 миллион теңгеге дейін азайтылды.
– Бұл ретте сот алқасы келесіні ескерді: моральдық зиянның өтемақы мөлшерін анықтау кезінде бірінші сатыдағы сот еңбек қызметімен байланысты Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні, жұмыс берушінің кінәсін 100% анықтаған жазатайым оқиғаның мән-жайын арнайы тергеп-тексеру актісін басшылыққа алды,– деді облыстық соттың баспасөз қызметінде.
Сот арнайы тергеп-тексеру актісіне сәйкес жазатайым оқиғаның, еңбек қызметімен байланысты Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің себептерін:
– «Майқайыңалтын» АҚ жауапты тұлғаларының тарапынан жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылаудың жеткіліксіздігінен көрінетін жұмыстың қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы;
– блоктарды өндіру кезінде қазбалардан құлау процесін жеткіліксіз бақылау;
–II кен массасын және таудан жоғары және төмен +90 м (160) кен орнын игеру кезінде тау-кен қондырғыларын дамыту жобаларының болмауын (әзірленбеген) ескермеді.
Яғни, сот жазатайым оқиға «Майқайыңалтын» АҚ өндірістік қызметімен байланысты деген ұйғарымға келді.
Бұл мән-жайларды сот моральдік зиянның өтемақысы мөлшерін анықтаған кезде ескеруі тиіс.
– Ақылға қонымдылық, әділдік және жеткіліктілік критерийлерін басшылыққа ала отырып, алқа бұл жағдайда жауапкерден талап қоюшылардың пайдасына туысының қайтыс болуына байланысты келтірілген моральдық зиян өтемақысын әрқайсысына 7,5 миллион теңгеден өндіру қажет деген қорытындыға келді,– деді деді облыстық соттың баспасөз қызметінде.
Қаулы заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, қайтыс болған құтқарушы Т.-ның анасы, қызы, ұлы және әпкесі қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның қайтыс болуына байланысты моральдік зиянды өтеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген болатын. Сот болған жазатайым оқиғаға жұмыс берушінің 100% кінәсін негізге ала отырып, қайтыс болған құтқарушының туыстарының талаптарын толық көлемде қанағаттандырды.