Оқушылар Шарбақты ауданының полиция бөлімінде қонақта болды

Оқушылар Шарбақты ауданының полиция бөлімінде қонақта болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар полиция бөлімінің жұмысымен танысып, жедел басқару орталығын, тергеу бөлмелерін көрді, форма киіп, техниканы қолданып көрді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге құқық қорғау органдарының жұмысын таныстырып, полиция қызметіне қызығушылықты арттыру.

Оқушылар бөлім ғимаратын аралап, жедел басқару орталығы, кезекші бөлім, анықтау және тергеу бөлмелерімен танысты. Полиция қызметкерлері өздерінің жұмыс барысын түсіндіріп, техникалар мен арнайы жабдықтарды көрсетті.

Сонымен қатар балалар полиция формасын киіп көріп, байланыс құралдарын қолданды. Оларға құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау туралы түсініктемелер берілді.

Экскурсия балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәртіпке баулуға және полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған. Кейбір оқушылар болашақта полиция қызметкері болуға ниетті екенін жеткізді.