Майқайыңдағы апат: Шұңқыр түбінде оттегі баллоны мен құтқарушының сөмкесі табылды
Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде халықаралық тәжірибені қолдануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, автобустың болжамды орналасқан жерінде қазба жұмыстары жүргізілуде, оның барысында автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты және құтқарушының сөмкесі табылды.
Ауыр техникамен шұңқырдың шетіне аппарель төселді және сақтандыру кабелі бойынша шағын габаритті экскаватордың түсуі қамтамасыз етілді.
– Жұмыстарды жүргізу тау жыныстарының тұрақсыздығына және пайда болған шұңқырдың астындағы бос орындарға байланысты топырақтың үнемі қозғалуы мен сырғуымен қиындайды,– деді министрлікте.
Құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар шұңқырға түсуді жүргізетін, сондай-ақ экскаватор машинисін сақтандыратын арқан тартылады. Жұмыстарды жүргізу үшін шамамен 4 км альпинистік арқан, альпинистік жабдық, кинологиялық есептеулер қолданылды.
– Жұмыстар қиын жағдайда жүргізілуде. Қатысқан барлық мамандардың өмірлеріне үлкен қауіп төндіруде. Автобустың болжамды орналасқан жерінде бос орындардың болуы мүмкін жәнеде іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде қайта құлау қаупі бар.Нақты уақыт режимінде топырақтың қозғалысын бақылауға арналған құрылғы орнатылған,– делінген хабарламада.
Жазатайым оқиғаны тергеу үшін ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия жұмыс істейді. Комиссия төрағасының өкімімен «Майқайың-алтын» АҚ жерасты кенішінің жұмысы тоқтатылып, бес шағын комиссия құрылды. Объективті тергеу және жазатайым оқиғаның себептерін анықтау үшін төрт сараптамалық ұйым тартылды.
Жазатайым оқиғаның салдарын жою бойынша іс-шараларды тиімді жүргізу, сондай-ақ қайта құлау ықтималдығына байланысты талдау және тау-кен жұмыстарын қайта бастау мерзімдерін қысқарту үшін ТЖМ мамандары халықаралық тәжірибені зерделеді. Таяу елдердің мамандарымен, сондай-ақ Қазақстан ТЖМ ардагерлерімен, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен кеңестер өткізілді. Зерттелген халықаралық тәжірибе іздеу-құтқару жұмыстары кезінде қолданылуда.
Естеріңізге сала кетейік 4 қаңтарда Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Майқайың-алтын» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының жанында тазарту кеңістігіне төрт жолаушысы бар автобус құлады. Сол күні ТЖД құтқарушылары қайтыс болған екі адамның денесін тауып, жер бетіне көтерді. Зардап шеккен екі адамды және автобустың орналасқан жерін анықтау үшін «Алтыналмас АК» АҚ (Балқаш қаласы) мамандары мен ТЖД құтқарушылары пайда болған құлауды геосканизациялау бойынша жұмыстар жүргізді. 5 метр тереңдікте (жалпы тереңдігі шамамен 100 м) жер астындағы сканерлеу нәтижелері бойынша автобустың ықтимал орналасуы анықталды.
Әрі қарай іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы мамандандырылған техниканы түсіру үшін жедел штаб траншея қазу туралы шешім қабылдады. Коллондық жолды кеңейту және техниканың өтуі үшін шекті рұқсат етілген аппарель-алаңды жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Іздеу жұмыстарына барлығы 145 адам, 53 бірлік техника, кинологиялық есептеулер және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.