Павлодар облысының сауда желілерінде отандық тауарлардың бар-жоғы тексерілді
Дүкен сөрелерінде жергілікті өндірушілердің тауарлары көп орналасатыны анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конферениясында облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Рашид Құсайынов мәлім етті.
– Департаменті қаланың ірі супермаркеттерінде – «Greenwich», «Inmart» және «Small» отандық өндіріске тиесілі азық-түлік тауарларын орналастыру бойынша мониторинг жүргізді. Мониторинг сауда желілерінде жергілікті өндірушілер тауарларының көп орналасқанын көрсетті,– деді Рашид Құсайынов.
Оның сөзінше, ішкі сауда ережелеріне сәйкес сатылатын тауарлардың ассортиментін саудагер өзінің мамандануы мен саласына қатысты анықтайды.
Мониторинг нәтижесінде супармеркеттегі отандық тауарлар осындай сипатқа ие болып шықты:
- Сүт өнімдері (сүт, айран, ірімшік, қаймақ) «Greenwich» сауда желісі - 71%, «Inmart» - 94%, «Small» - 92%;
- Сары май (майлылығы кем дегенде 72,5%) «Greenwich» сауда желісі - 85%, «Inmart» - 89%, «Small» - 55%;
- Күнбағыс майы «Greenwich» сауда желісі - 82%, «Inmart» - 66%, «Small» - 68%;
- Шұжық өнімдері «Greenwich» сауда желісі - 90%, «Inmart» - 68%, «Small» - 67%;
- Тауық еті «Greenwich» сауда желісі - 95%, «Inmart» - 86%, «Small» - 98%.
Мониторинг нәтижелері облыстағы сауда желілері отандық тауарларды орналастыру ережелерін сақтайтынын, яғни, сөрелік кеңістік пен жалпы сауда алаңының кем дегенде 30%-ын құрайтынын растады.
Бұл жергілікті өндірушілерді қорғау мен тұтынушыларға мол таңдауды қамтамасыз етуді дәлелдейді. Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті ішкі нарықты қолдау мен нормаларға сәйкестікткке кепілдік беру үшін сауда желілерін сараптау және мониторинг жүргізуді жалғастырады.