«Мерейлі отбасы»: павлодарлық Кенжебаевтар елорда төрінде марапатталды

«Мерейлі отбасы»: павлодарлық Кенжебаевтар елорда төрінде марапатталды
Фото: Ұйымдастырушылардан

Жуырда ұлттық байқаудың лауреаттары Президенттік орталықта бас қосты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаттары марапатталды. Салтанатты рәсімге еліміздің түпкір- түпкірінен әр салада жетістікке жеткен, үлгілі және «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты. 

Павлодар облысынан «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жүлдегері – Кенжебаевтар отбасы қатысты. Кенжебаевтар отбасы Ақтоғай ауданының тумасы. Жанұяның отағасы Бектемір мен жұбайы Шайза 1995 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келеді. Шайза 2018 жылдан бастап мектепте шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарады. Еңбегі үшін аудан әкімінің және білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Балалары да әр салада адал және табысты еңбек етіп келетін жандар. 

Кенжебаевтар отбасы адал еңбегімен, өзара қолдауымен және қоғамның дамуына қосқан белсенді үлесімен ел арасында зор құрметке ие.

Әр отбасы лауреат атанып, арнайы дипломмен, естелік және ақшалай сыйлықпен марапатталды.