Павлодарда фотожурналист Владимир Бугаевты еске алу кеші өтеді
Оның өмірі мен шығармашылығы туралы туған бауыры Валерий Бугаев әңгімелейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар география үйінің мәліметінше, 30 қыркүйекте «Есімдері есте» циклі аясындағы екінші кездесу өтеді. Кеш қазақстандық фотожурналист, өлкетанушы және саяхатшы Владимир Бугаевтың (1954–2021) рухына арналады.

Владимир Бугаев Павлодар облысы мен Қазақстан туралы көптеген фотоальбом, кітап және жолсілтемеге енген суреттердің авторы. Ол жеке және ұжымдық фотокөрмелерге қатысып, Қазақстан Журналистер одағының, Канаданың Ұлттық фотоөнер қауымдастығының (NAPA Canada) және Орыс географиялық қоғамының мүшесі болған.
Сондай-ақ Владимир Бугаев Баянауылда жыл сайын ұйымдастырылатын «Ертіс меридианы» туристік слетін өткізуге бастамашы болып, оның ұйымдастыру комитетін басқарған.
Кездесуде фотожурналистің өмірі мен шығармашылық жолы туралы туған бауыры Валерий Бугаев баяндайды. Ол – фотожурналист, «Звезда Прииртышья» облыстық газетінің шолушысы және облыс әкімінің жеке фотографы.
Еске алу кеші 30 қыркүйек күні сағат 19:00-де Павлодар география үйі мен QazaqGeography өңірлік өкілдігінің кеңсесінде өтеді. Мекенжайы – Луговая көшесі, 16, 10-қабат.
Кіру тегін.
Фотосуретті Павлодар география үйі ұсынды