Мешіт пен мектеп: Павлодар облысында қанша нысанның шатырын желмен ұшырды?
@Pavlodarnews.kz тілшісі дауылдан зардап шеккен әлеуметтік нысан мен үйлердің санын анықтады.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде секундына 28 метрге дейінгі қатты екпінді желдің нәтижесінде шатырдың жұлып әкетудің 15 фактісі тіркелді.
Павлодар қаласының маңында Жаңаауыл ауылында қатты желдің салдарынан жеке үйдің 12 шаршы метр шатыры және Торговая көшесіндегі қойманың 100 шаршы метр шатыры құлады.
Екібастұзда және оның ауылдық аймағында дәл осындай төрт факт тіркелді. Шідерті кентінде көппәтерлі үйдің 30 шаршы метр шатырының жартылай бұзылды. Ал Шідерті мектебінің 5 шаршы метр қатты шатырының құлауы, Құлақөл ауылындағы жеке үйдің 6 шаршы метр шатырының қирауы, ал 40 шаршы метр алаңда Шиқылдақ ауылының Қ.Сәтбаев атындағы мектептің қазандық ғимаратының шатыры ұшырылды.
Ақсу мен оның ауылдық аймағында да төрт факт орын алған. Қатты желдің салдарынан №2 БЖСМ 160 шаршы метр және 26 шаршы метр алаңдағы трансформаторлық қосалқы станцияның шатыры, сондай-ақ көппәтерлі үйдің 80 шаршы метрінде қасбет бұзылды. Қалқаман ауылында 3 қабатты тұрғын үйдің қасбеті құлады.
Ақтоғай ауданында 130 шаршы метр алаңда аудандық ауруханасының төбе жабыны бұзылды.
Баянауыл ауданында секундына 20 метрден астам екпінді желдің нәтижесінде Ақсан ауылында шамамен 22 шаршы метр алаңда жеке тұрғын үйдің шатыры ішінара қирады.
Сондай-ақ, осы ауылда секундына 28 метрден астам қатты желден 14 шаршы метр алаңда Д.Рахметов атындағы орта мектебі ғимаратының шатыры ұшырылды.
Ұзынбұлақ ауылында ауыл әкімдігінің ғимараты зардап шексе, Құндыкөл ауылында мешіт ғимаратының төбесі бұзылды.
Ақтоғай, Баянауыл, Май, Ертіс, Шарбақты, Успен, Аққулы аудандары, Ақсу қаласында жарық өшірілуінің 28 фактісі орын алды.