Месси «Ертістің» бұрынғы ойыншысымен кездесті
Гонконгта жергілікті футболшылармен «Интер Майами» арасындағы жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұлыбританияның бұрынғы отары – Гонконгтың «Китчи» атты клубында 2019-2020 жылдары Павлодардың «Ертісінде» ойнаған түркімен легионері Руслан Мингазов ойнайды. Гонконгтық лига құрамасы Лионель Мессидің командасынан 1:4 есебімен ұтылды. Мингазов матчтың басынан бастап ойнады.
Өкінішке орай, «Интер Майамидің» Лионель Месси, Хорди Альба, Луис Суарес пен Серхио Бускетс сынды ойыншылары жасыл алаңнан табылмады. Бұл жайт жергілікті жанкүйерлер көңілдерін сүйікті командасының ұтылғанынан көбірек ренжіткені анық. Алайда Руслан Мингазов жұлдыздардың барлығымен фотоға түсіп, осы секілді матчқа қатысқаны үшін Гонконг еліне алғыс айтты.
Жартылай қорғаушы «Ертіс» сапында 13 матч ойнап, екі гол соққан еді. 2020 жылы мамырда «Ертіс» Премьер-лигадан шеттетілген кезде оның клубпен келісім-шарты әлі аяқталмаған еді. Бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты Руслан Мингазов Павлодардан ұзап кетуге мәжбүр болды.
Фото: @ruslan_mingazov9