Мейірімді жүрек: Павлодар облысында қамқоршылардың еңбегі еленді

Мейірімді жүрек: Павлодар облысында қамқоршылардың еңбегі еленді
Фото: Константин Шелков

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған қамқоршылар қорқыныш сезімге бой алдырмауға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қамқоршылар күні қарсаңында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған мейірімді жандарды құттықтады. Өңірде 1200 жетім бала өз отбасын тауып алды, ал 200 кәмелетке толмағандары балалар үйінде тұрады.

–  Өз уақытын тауып, жүрегінің бір бөлігін сүйіспеншіліктен айырылған балаларға беріп жатқан асыраушы ата-аналарды, қамқоршыларды, патронат тәрбиешілерді құрметтеп жатырмыз,– деді облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова.

Оның сөзінше, келесі жылдан бастап отбасылық құрылғының жаңа форматы – мемлекеттік мекемелерді біртіндеп алмастыратын кәсіби патронаттық отбасы енгізілетін болады.

Қамқоршыларға облыс әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды.

Шақырылған патронат ата-аналар басқа біреудің балаласын тәрбиелеу оңай емес екенін атап өтті. Бірақ олар мұндай қиындықтардан қорықпай, қашпауға шақырды.

Біз 2016 жылы Кенжекөл балалар ауылынан қызымызды патронаттық тәрбиеге алған едік, – деп еске алады Железин ауданы Екішек ауылының мектеп директоры Марат Махметов. – Ол жалғыз өспесін, жалықпасын деп  интернаттан екінші баланы алдық. Біреуі орыс, екіншісі татар болды. Ал 2018 жылы біз төрт баланың асыранды ата-анасы атандық. Қазір бізде бес бала бар. Барлық балалар қазақ тілін біледі. Біз бәріміз бір отбасы ретінде өмір сүріп жатырмыз. Патронаттық ата-ана болғысы келетіндерге қорықпауға және шыдамды болуға кеңес беремін.

Ал Мұқаш Қымбатова мен Берік Сегізай туған бес баласын және бес асырап алған баласын тәрбиелеп отыр.

–  Өкінішке орай, көп бала ата-ананың тәрбиесін, жылулығын көрмей өсіп жатыр. Ал балалар үйінде қанша бала бар екенін көрсек, жанымыз қиналады. Сондықтан да, қамқоршы болуға бел будық,– деді Мұқаш Қымбатова.– Барлық балаларымызға бірдей көңіл бөлуге тырысамыз. Басқа баланың ата-анасы болу деген оңай емес, жауапкершілік өте жоғары болу керек. Бірақ, осындай жақсы адамдардың арқасында балалар сүйіспеншілікке бөленіп, ата-ананың махаббатын сезіне алады.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, жүрегі кең, мейірімді жандар жыл сайын құрметтеп, марапатталады.