Мойылдыдағы жол апатынан бес адам зардап шекті
Оларға апаттар медицинасы орталығының мамандары көмек көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1 шілде күні 112 қызметіне Мойылды ауданында екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел түрде апаттар медицинасы орталығының бригадасы, Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары және 103 жедел медициналық жәрдем қызметінің мамандары барды.
Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері 1999 жылы туған әйел адамға медициналық көмек көрсетіп, оны әрі қарай тексеру және емдеу үшін Павлодар қаласының ауруханасына жеткізді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың үшеуі медициналық тексеруден өткеннен кейін медициналық көмектен бас тартты.