12 наурызда Павлодар облысында күн салқындайды

12 наурызда Павлодар  облысында күн салқындайды
ok.ru

Көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сынап бағанасы төмендейді. Павлодарда түнде  ауа райы құбылмалы, бұлтты болады. 

Қар аралас жаңбыр түрінде ауын-шашын  жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде -2-4 °C, күндіз  -1+1 °C көрсетеді. 

Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ  күтіледі.

Циклон жырасының әсерінен, сондай–ақ онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, республиканың шығысында – қатты жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста  жаңбыр күтіледі.

Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.