Найзағай, бұршақ: Павлодар облысына маусым айына арналған ауа райы
Қазгидрометте жаздың бірінші айына арналған ауа райының консультативтік болжамын ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бір айдағы орташа ауа температурасы +18...+20°С болады деп күтілуде. Бұл нормаға жақын.
Синоптиктердің хабарлауынша, бірінші онкүндікте ауа температурасының төмендеуі күтілуде, түнде +9...+14-тен +3°... + 8 ° С-қа дейін, күндіз +20...+25-тен +15...+20-ға дейін барады.
Одан әрі температура түнде +12...+17°С дейін, облыстың шығысында +9 °С, күндіз +31...+36°С дейін көтеріледі.
Екінші онкүндіктің басында түнде +5...+10, күндіз + 16...+21°С, түнде +15...+20°С, облыстың солтүстігінде +10°С, күндіз + 28...+33 дейін барады. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде +8...+13°C дейін, күндіз +22...+27 дейін төмендейді.
Үшінші онкүндікте ауа температурасы құбылмалы болады: түнде +8...+13-тен +13...+18-ге дейін, күндіз +22...+27-ден +28...+33°С-қа дейін барады.
Бір айда жауын – шашын мөлшері облыстың көп бөлігінде нормаға жуық, облыстың оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп күтілуде (норма: 34-48 мм). Бірінші онкүндіктің басында және соңында найзағаймен қысқа мерзімді жауын-шашын басталып, екінші және үшінші онкүндіктерде жиілей түседі.
Бірінші, екінші және үшінші онкүндіктердің басында және соңында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды деп болжанады. Бірінші онкүндіктің соңында бұршақ, айдың ортасында тұман болуы мүмкін.