Оқушыға қол көтерген павлодарлық мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл Сәуле Шакенева жұмыс парақшасында жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Мақпалеев атындағы Павлодар қаласының мектебінде орын алған оқиға бойынша мынаны хабарлаймын: 2024 жылғы 3 желтоқсанда Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 2-бөлігі бойынша (ұрып-соғу немесе дене ауыртпалығын тудырған, бірақ кәмелетке толмағанға қатысты денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау) қылмыстық іс қозғалды, – деді Сәуле Шакенева.
Естеріңізге сала кетейік, 8-сынып оқушысы сыныптастарымен бәс тігіп, физика сабағы кезінде орындыққа тұрып, TikTok-та тренд болған «Oi oi oi baka» дыбысын қайталап, айқайлады. Оқушы мұғалімнің ескертулеріне жауап бермеген соң, физика мұғалімі оқушыға күш қолданған. Мектеп әкімшілігі мұғаліммен келісімшартты бұзды.