Патрульдік полицейлер төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерін пысықтады

Патрульдік полицейлер төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерін пысықтады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаттығу барысында қызметкерлер арнайы құралдарды қолдану, құқық бұзушыларды ұстау және түрлі дағдарыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін пысықтады,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаментінің арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері Павлодар қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары бойынша сабақ өткізді. Жеке құрамға арнайы құралдармен жұмыс істеу, дене даярлығы, жаттығу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нақты нұсқаулықтар берілді. Жаттығу барысында полицейлер қылмыскерлерді ұстау кезінде әрекет ету алгоритмдерін пысықтап, қызмет барысында туындайтын түрлі жағдайларда тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін күрес тәсілдерін егжей-тегжейлі меңгерді.

— Сабақтардың негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің дағдарыстық жағдайларда әрекет етуге дайындығын арттыру. Мұндай сабақтар кәсіби дағдыларды жетілдіруге, дене және арнайы даярлық деңгейін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтауға барынша дайын болуға мүмкіндік береді, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің арнайы және кәсіби даярлық басқармасы бөлімінің бастығы Жамбыл Мұқашев.

Сабақ қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік талаптарын меңгеру деңгейі артты. Бұл алдағы уақытта қызмет барысында жарақаттанудың, штаттан тыс жағдайлардың және техникалық ақаулардың алдын алуға мүмкіндік береді.