Тереңкөл ауданында мемлекеттік қызметшілер шешендік қабілеттерін сынға салды

Мемлекеттік қызметші – халықпен тікелей жұмыс істейтін тұлға, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау өткізді.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оны күнделікті қызметте еркін әрі сапалы қолдануға үлес қосу.
Шараға аудан бойынша әр салада қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілер қатысып, өздерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін, тіл байлығы мен шешендік қабілеттерін сынға салды.
– Қатысушылар билетте берілген сұраққа жауап қайтарып, сөйлеу мәдениетін көрсетті. Әр қатысушы өзіне берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындап, қазақ тілінің бай қазынасын, көркемдігін, ресми стильдегі қолданысын кеңінен көрсете білді, – дейді ұйымдастырушылар.
Байқау барысында қатысушылардың білімі мен біліктілігін арнайы қазылар алқасы бағалап, үздіктерді анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.