Павлодарға тікұшақпен шала туған сәби жеткізілді
Қазір бала мамандардың бақылауында, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, Екібастұз перзентханасынан жаңа туған нәрестені тасымалдауға өтінім 26 наурызда сағат 16:00 шамасында түскен.
Бала 25-ші апта және 4 күнінде туған. Салмағы небәрі 950 грамм болған. Жоғары білікті неонатолог және медбике бар тікұшақ жіберілді.
Бригада кувезбен және жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға қажетті басқа жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сәби сағат 19:15-те Павлодардағы облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді.