Павлодар қаласының әкімі шаһар көшелерінде нәзік жандыларға гүл сыйлады

Павлодар қаласының әкімі шаһар көшелерінде нәзік жандыларға гүл сыйлады

Қала басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Қала әкімі Ержан Иманзайыпов Instagram арқылы ғана емес, шынайы, көзбе-көз гүл сыйлау үшін қала көшелеріне шығуды ұйғарған. 

- Қымбатты, аяулы арулар! Сіздерді көктемнің әсем мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздердің даналықтарыңыз, махаббаттарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз бұл әлемді әдемі де мейірімді етеді. Сұлулықтың символы, парасат патшайымы - Сіздер, - деді Ержан Иманзайыпов. 

Қала басшысы қоғамдық көліктерге де, ғимараттардың ішіне де кіріп аруларға гүл ұсынды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @yerzhan_imanzaipov