Павлодар қаласының ең көне колледжіне 95 жыл толды

Павлодар қаласының ең көне колледжіне 95 жыл толды
Фото: колледж сайтынан алынды

Салтанатты шара Бейсен Ахметов атындағы жоғары Павлодар педагогикалық колледжінің қабырғасында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұрын жетекші оқу орындарының бірі үш сыныпты училище болатын. Сабақтар бір қабатты ағаш үйде өткізілді. Ғимарат біртіндеп тоза бастағанда жергілікті көпес, меценат Артемий Деров өзінің капиталының бір бөлігін қайырымдылық мақсатта пайдаланып, қалалық училище үшін жаңа ғимарат салуға ниет білдірген. Құрылыс 1887 жылы басталып, 1888 жылы аяқталды. Колледж сайтының мәліметінше, ол кезде ғимарат айналадағы ағаш үйлермен салыстырғанда нағыз ғибадатхана болып көрінген. 

Бір ғасырдан кейін ескі мектептен ағаш үйде тек естелік қана қалған. 1920 жылы мекеме жаңарды. 1918 жылғы жаңа мектеп реформасына сәйкес 1920 жылы бастауыш училище жабылды. 1920 жылдың 1 қыркүйегінде ескі ғимаратында бұрынғы училище базасында Кеңес мектебінің екінші сатысы (онжылдық) ашылды. Ол 9 жыл жұмыс істеді.

Бүгінде бұл – елдегі ең үздік колледждердің бірі. Колледж қаланған уақыттан білім ордасында 30 мыңнан астам мұғалім оқытылды. Олардың көпшілігі өз ісінің нағыз шеберлеріне айналды. Колледжге есімі берілген ұстаз да олардың қатарында.  

– Бейсен Ахметовке гүл шоқтары қойылды. Әрі қарай біз педагогикалық еңбек ардагері Қайырбек Сәтиевке арнап кабинет ашамыз. Салтанатты шарада ардагерлермен бірге студенттер колледж тарихын талқылайды, –  деді техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қарлығаш Асайынова.

«Музыкалық тәрбие әдістемесі» кабинетіне педагогикалық еңбек ардагері, композитор және мәдениет қайраткері Қайырбек Сатиевтің есімі берілді. Кабинеттің салтанатты ашылуында колледж оқытушылары әзірлеген жаңа оқу құралдарын таныстырды.

– Мен осы колледжді 1957 жылы бітірдім. Әлі күнге дейін мұғалімдерімді жылулықпен еске аламын. Олар бізге білім беру үшін барын салатын. Ұстаздарыма алғысым шексіз, – деді педагогика саласының еңбек ардагері Қабидолла Әлібаев. 

Түстен кейін Оқушылар сарайында колледждің мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтеді. Оқу орнының оқытушыларынан, облыс басшылығынан және түлектерінен құттықтаулар айтылады. Қонақтар музыкалық нөмірлерді тамашалайды, мұғалімдер марапатталады.