Павлодар қоғамдық көліктерінде ұлы тұлғалар туралы аудио жобасы басталды

Павлодар қоғамдық көліктерінде ұлы тұлғалар туралы аудио жобасы басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындар Абай Құнанбайұлы мен басқа да танымал ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері туралы ақпарат тыңдай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімдігінің бастамасымен, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен облыс орталығының қоғамдық көліктерінде (автобус, трамвай) қала көшелеріне есімі берілген, қазақ тарихы мен әдебиетінде өшпес із қалдырған және мемлекеттің дамуына үлес қосқан ұлы тұлғалар туралы аудио форматтағы ақпараттық жоба іске қосылды.

– Аталмыш жоба ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай әзірленіп, танымал тұлғаларды қала тұрғындарына насихаттау және олардың өмірбаяндары мен шығармашылығын таныстыру мақсатына бағытталған, – деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметі.

Бұдан былай тұрғындар қоғамдық көліктерде келе жатқан уақытта Мәшһүр Жүсіп, Абай, Шәкәрім тәрізді тұлғалармен қатар, есімдері көшелерге берілген 50-ге жуық ақын-жазушылар, өнер адамдары, қоғам қайраткерлері мен батырлар туралы ақпараттан құлағдар болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ERTIS MÁDENIETI???? (@ertis_madenieti)