Павлодар әкімі балабақшалардағы ойын алаңдарының жаңартылуын тексерді
Биыл қаладағы жиырмадан астам мектепке дейінгі білім беру ұйымында заманауи ойын алаңдарын орнату жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шаһар басшысы Хасар Хабылбековтың мәліметінше, жоба өңір басшысы әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Заманауи ойын кешендері балалар үшін қауіпсіз, жайлы әрі қызықты орта қалыптастыруға бағытталған.
– Бүгінде екі нысандағы жұмыстар толық аяқталды. Тағы бес балабақшада ескі ойын құрылғыларын демонтаждау және дайындық жұмыстары жүргізілуде, – деді Хасар Хабылбеков.
Жоспарға сәйкес, биыл Павлодардағы 22 балабақшаның ойын алаңдары толық жаңартылады.
Барлық жұмысты шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.