Павлодар әкімі орталық жағалауды абаттандыру барысын тексерді
Бұл туралы Хасар Хабылбеков өзінің жеке «Instagram» парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұзылып қалған тас тақтайшалар мен қоқыс тастайтын жәшіктер қалпына келтіріліп, орындықтар боялып, жарықтандыру құрылғылары ауыстырылып, басқа да жұмыстар жүргізілуде.
– Орталық жағалау – қаламыздың басты көрікті жерлерінің бірі және павлодарлықтардың сүйікті демалыс орны. Қаланың өзге де аумақтары сияқты оны да қыстан кейін абаттандыру қажет. Абаттандыру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын тексеру мақсатында күн сайын жағалауды бір аралап шығуға тырысамын – дейді қала басшысы.
Оның айтуынша, орталық жағалауда қызу жұмыс жүруде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram