Павлодар әкімдігі мен билер кеңесі меморандумға қол қойды
Осы күнге дейін кеңесте жеті мыңға жуық даулы мәселе қаралған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге ықпал ететін дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын, татуластыру рәсімдерін табысты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды.
– Қазақ қоғамында сан ғасырдан бері негізгі сот билігі билер соты болған. Сондықтан біз үшін халқымыздың бай тарихи мұрасын сақтау және нығайту өте маңызды, – деп жазды қала әкімі Ержан Иманзайыпов Іnstagram парақшасында.
Қазіргі уақытта билер кеңесінің қызметі ілгері дамуда. Ардагерлер кеңесі жиынында бекітілген, құрамында 22 өкілі бар билер кеңесі жұмыс істейді. Осы күнге дейін кеңесте жеті мыңға жуық даулы мәселе қаралып, 60% ауызбіршілікпен, татулықпен аяқталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram