Павлодар әскери бөлімдерінің тәрбие басшысы тағайындалды

Павлодар әскери бөлімдерінің тәрбие басшысы тағайындалды

Бұл туралы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының  баспасөз қызметі  мәлім етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен  және Ішкі істер министрінің бұйрығымен   полковник Салихбаев Атабек Қуандықұлы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.  Оған Павлодар қаласындағы 5512 және 6679 әскери бөлімдері де қарасты. 

Полковник Атабек Салихбаев   взвод командирінен бастап  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тәрбие басқармасы бастығы лауазымына дейінгі барлық әскери қызметтерді өткен, сонымен қатар  ҰҰ Әскери академиясының тәрбие жұмысын басқарған. 

Шығыс өңірінде Ұлттық ұланның басты әскери тәрбиешісін  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамына таныстыру үшін  ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы – полковник Қайрат Үмбетов арнайы келді.  

Кайрат Жарылғасынұлы бұған дейін лауазымдық міндетті  атқарған  –  полковник Берік  Тоқтаровты қызметтегі жоғары кәсібилігі мен  артылған сенімді ақтағаны үшін алғысын білдіріп, тағайындалған  офицерлерге  жаңа қызметтік орында сәттілік тіледі.