Павлодар өңірінің тұрғындары гидрометаллургиялық зауыт құрылысын талқылады
Қоғамдық бірлестік мүшелерімен кездесу барысында Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты – «ЕГМК» ЖШС-нің өкілдері баяндама жасады. Сонымен қатар, Павлодар қаласы, Мойылды, Павлодарское және Заңғар ауылдарының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қоғамдық тыңдаулар жоғары көміртекті сульфидті алтын құрамды концентраттарды өңдеуге арналған гидрометаллургиялық комбинат құрылысының бірінші кезеңіне қатысты өтті.
Жоба жергілікті халық, экологтар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды.

Шламсақтағыш мәселесі жеке талқылауға себеп болды. Бұл нысан халық арасында көбіне күдікпен қабылданады. Алайда, жергілікті экологтар атап өткендей, әңгіме елде бұрыннан қолданылып жүрген гидротехникалық құрылыстарға ұқсас нысан жайында болып отыр. Нақтырақ айтқанда, қоғам өкілдері мен БАҚ бұған дейін Қостанай облысындағы Варварин кен орнында орналасқан осындай нысанмен танысқан еді.
«ЭКОМ» қоғамдық ұйымының төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, заманауи технологиялар қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді, ал сапар қорытындысында мамандар олардың тиімділігіне көз жеткізді.
«ЕГМК» ЖШС бастапқы кезеңнен бастап, халықтан жоба туралы ешқандай ақпаратты жасырмай келеді. Мүмкін тәуекелдер туралы да мәлімет ашық.

«ЕГМК» ЖШС бастапқы кезеңнен бастап, халықтан жоба туралы ешқандай ақпаратты жасырмай келеді. Мүмкін тәуекелдер туралы да мәлімет ашық.
Кәсіпорын басшылығы құрылыс кезеңінде жүргізілетін дәнекерлеу жұмыстары барысында пайда болатын отқабыршақтың салмағына дейінгі ықтимал барлық ластану түрлерін ерекше мұқияттықпен ұсынды.
Атосфералық ауаға әсерді азайту шараларының қатарында жоспарлау мен технологиялық шешімдердің тұтас кешені белгіленді.
Жер ресурстары бөлігінде жұмыстар солтүстік өнеркәсіптік аймақта бұрыннан бөлінген учаскелер шегінде жүргізілетіні атап өтілді. Ал алынатын топырақ көлемі толықтай рекультивациялық мақсаттарға пайдаланылатын болады.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қатысты аймақта сирек түрлер кездеспейтіні, негізінен дала өсімдіктері, ұсақ кеміргіштер мен құстар бар екені айтылды. Соған қарамастан, оларды қорғау шаралары қарастырылған. Олардың қатарында техниканың жолдан тыс қозғалуына тыйым салу, жасыл желектерді күтіп-баптау, топырақтың құнарлы қабатын сақтау, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау және жер телімдерінің нақты шекараларын сақтау бар.

Жануарлар дүниесін қорғау үшін қоршаулар орнату, түнгі уақытта жарықтандыруды шектеулі пайдалану және браконьерлікті алдын алу көзделген.
Қоғамдық эколог Светлана Могилюк құнарлы топырақ қабатын алу мен жасыл желектерді кесу жұмыстарын аса ұқыптылықпен жүргізудің маңыздылығына назар аударды. Сондай‑ақ, эколог сапалы өтемді ағаш отырғызу шараларының қажеттілігін атап өтті. Оның ұсынысы бойынша жаңа жасыл желектерді өнеркәсіптік аймақтың автожолдары бойына емес, осал аумақтарға жақын орналастыру арқылы өзіндік «жасыл қалқан» қалыптастыру қажет.

Тыңдауларға қатысушылар жобаның әлеуметтік қырына да тоқталды.
Комбинатта жүздеген жоғары білікті маманның жұмыспен қамтылуы жоспарланғанына қарамастан, қоғам белсендісі Юрий Павленко жасанды интеллект элементтерін енгізу және болашақта персоналдың қысқаруы мүмкіндігіне қатысты алаңдаушылық білдірді.
«ЕГМК» ЖШС-нің өкілдері цифрлық шешімдерді енгізу штаттың қысқаруына әкелмейтінін атап өтті. Олардың айтуынша, жобада қолданылатын технологиялар Қазақстанда да, басқа елдерде де қабылданған ең үздік қолжетімді тәжірибелерге сәйкес келеді. Жасанды интеллект негізінен еңбек қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік және экологиялық бақылауды арттыруға бағытталмақ. Қолданысқа енгізу кезеңінде жұмысқа тартуға жоспарланған мамандар саны қайта қаралмайды.
Қоғамдық тыңдаулар барлық экологиялық және әлеуметтік міндеттемелерді қатаң сақтаған жағдайда, жобаның өңір үшін маңызды өндірістік нысанға айналатынына ұстамды оптимизммен аяқталды.
Қоғамдық тыңдаулар жұртшылықтың оң көзқарасына ие болды. Тек жарияланған барлық экологиялық және әлеуметтік міндеттемелерді қатаң сақтаған жағда ғана жоба өңір үшін маңызды өндірістік нысанға айналады.
Серіктестік материал