Павлодар өңірінде республикалық маңызы бар автожолдар ашылды
Әзірге 9 бағыт бойынша көлік қозғалысы қалыпқа келтірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар облысында 11 наурыз күні сағат 08:00-ден бастап ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше жолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектеулері алынды.
- «Астана-Шідерті-Павлодар – Успен – РФ шекарасы (Қосақ ө/п)» автомобиль жолының 200–415 шақырым аралығында (Атамекен кентінен Ақмола шекарасына дейін);
- «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 0-231 шақ (Қарағанды облысы шекарасынан Қалқаман ауылына дейін);
- «Атамекен–Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов» 25-220 шақ (Атамекен кентінен Абай облысы шекарасына дейін);
- «Атамекен–Ертіс-РФ шекарасы (Амангелді ө/п)» 0-263,78 шақ (Атамекен кентінен РФ шекарасына дейін);
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар - РФ шекарасы» (Үрлітөбе ө/п) 191-390 шақ (Мичурин ауылынан РФ шекарасына дейін);
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар - РФ шекарасы» (Үрлітөбе ө/п) 426-587 шақ (Кенжекөл ауылынан Абай облысы шекарасына дейін);
- «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы» (Шарбақты ө/п )» 0–112 шақ (Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін);
- «Астана-Шідерті-Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» (Қосақ ө/п)» 0-152 шақ (Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін);
- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» 1135-1206 шақ (Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті кентіне дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.
Жолаушыларға жолға шықпас бұрын 1403 байланыс орталығына хабарласып, толық ақпарат алу ескертіледі.