Павлодарда картоп бағасын өсірген дистрибьютор ескерту алды

Жыл басынан бері облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесі бойынша 33 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Оның ішінде 23 тексеріс картоп пен сәбіз бағасының негізсіз көтерілгенін көрсетті. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Дәулен Қабдушев мәлім етті.
Дистрибьютор картопты 160 теңгеден сатып алып, облыстық дүкендерге 330 теңгеден сатты. Осылайша, тауар бағасы 106 пайызды құрады. Дәл осы сауда делдалы сәбізге үстемеақыны 75 пайызға асырып, оны 60 теңгеден алып, 105 теңгеден өткізген.
Сондай-ақ, басқарма қарақұмықтың 295 теңгеден сатып алу кезінде 450 теңгеден сату фактісін анықтаған.
– Заңнамаға сәйкес дистрибьюторға әкімшілік жаза, атап айтқанда ескерту және бағаны төмендету туралы ұйғарым жасалды, – деді Дәулен Қабдушев.
Енді мұндай бұзушылық үшін – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жаза кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай ескертуден 5 – 150 АЕК мөлшерінде айыппұлға өзгертілді.