Павлодарлық оқушылар робототехника бойынша бақ сынайды

Павлодарлық оқушылар робототехника бойынша бақ сынайды
Фото: Константин Шелков

Байқау екі санат бойынша ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, осы жылдың 1 ақпанында «FIRST Kazakhstan 2024» робототехника байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылмақ. 

Байқау екі кезеңнен тұрады:  «LEGO League Explore» байқауына 6 жастан 10 жасқа дейін балалардан құрылған, 2-ден 4 балаға дейінгі команда қатыса алады. Ал LEGO League Challenge санатына 10- 16 жасқа дейінгі қатысушылардан құралған, 2 қатысушыдан 8 қатысушыға дейінгі команда қатыса алады.

Чемпионатқа өтінімдер ағымдағы жылдың 29 қаңтарына дейін citdopvl@yandex.kz электрондық мекенжай бойынша қабылданады.