Павлодарлық сарапшылар атом электр станциясының құрылысын талқылады

Павлодарлық сарапшылар атом электр станциясының құрылысын талқылады
Фото: автор

Жобаны қолдаушылар және қарсы болғандар құрылыстың  пайдасы мен зияды тұстарын қарастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық халықтық штабының фронт-офисінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Шараға түрлі көзқарас өкілдері жиналып, бүгінгі күннің өзекті тақырыбын диалог форматында талқылады. 

Қатысушылар екі лагерьге – АЭС құрылысын қолдағандар және оған қарсы болғандарға бөлінген. Спикерлер арасында музей қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, экологтар, кәсіпкерлер және саяси партия белсенділері болды.

Талқылау барысында  экономика мен экология тақырыптары да назардан тыс қалмады. Экологиялық қауіпсіздік, экономикалық негізділік, елдің энергетикалық тәуелсіздігі және атом электр станцияларын салу мен пайдалануға байланысты ықтимал тәуекелдері талқыға салынды.

Қазіргі таңда қоғам мен әлеуметтік желілерде атом электр станциясы тақырыбын қызу талқыланып, әрбір азамат референдум алдында өз ұстанымын айтуда. Сондықтан бұл пікірталаста да қатысушылар өз пікірлерін еркін білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, елімізде энергия өндірудің жаңа әдісіне қатысты 6 қазанда өтетін референдумда таңдау жасауға болады.