Павлодар ауданында жеке тұрған үйдің шатыры жанып кетті
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
21 қарашада «101» пультіне Павлодар ауданы Черноярка ауылындағы жеке үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жерге 11-ӨСБ мен өрт сөндіру бекетінің күштері жедел шықты.
Шақыртуға келген өрт сөндірушілер қатты отқа оранған шатыр мен ішкі бөлмелерді дереу сөндіруге кірісті. Қатты жануға карамастан, өрт сөндірушілер оттың көрші үйлерге таралуына жол бермеді.
Өрт жедел түрде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Электр сымдарының қысқа тұйықталуы өрттің алдын ала себебі болып отыр.
Облыстық ТЖД қатаң еске салады: өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар және сымдардың күйін үнемі тексеріп отырыңыздар.