Павлодар ауылдық округтерінде өзекті мәселелер талқыланады

Павлодар ауылдық округтерінде өзекті мәселелер талқыланады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындар өз мәселелерін облыс орталығы басшысы мен ауылдық округ әкімдеріне тікелей жеткізе алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қала басшысы Хасар Хабылбеков пен Павлодар қаласының ауылдық округтері әкімдерінің тұрғындармен тұрақты кездесулері өтеді.

Кездесулер 2025 жылдың 3 желтоқсаны мен 12 желтоқсаны аралығында жоспарланған. Бұл жиындарда қатысушылар ауылдық округтер мен кенттерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылайды.

Кездесулердің толық кестесі:

  • 3 желтоқсан, сағат 11:00–13:00 – Мойылды ауылы, Мектеп көшесі, 5 мекенжайы бойынша Мәдениет үйінде;
  • 5 желтоқсан, сағат 11:00–13:00 – Павлодар ауылы, Садовая көшесі, 5 мекенжайы бойынша Мәдениет үйінде;
  • 10 желтоқсан, сағат 11:00–13:00 – Атамекен кенті, Сарыарқа көшесі, 53/1 мекенжайы бойынша Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйінде;
  • 12 желтоқсан, сағат 11:00–13:00 – Кенжекөл ауылы, Ата Заң алаңы, 3/2 мекенжайы бойынша Мәдениет үйінде.